Қаржы министрлігі "Ұлттық қор – балаларға" жобасы қалай іске асырылатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
14 ақпанда сенатта қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков "Ұлттық қор – балаларға" жобасы бойынша ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Дәурен Темірбеков Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "Ұлттық қор – балаларға" жобасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірлегенін атап өтті.

Оның айтуынша, осы жоба бойынша ұсынылған тәсілдер әртүрлі алаңдарда, соның ішінде Экономикалық саясат жөніндегі кеңесте және сарапшылар қауымдастығында талқылануда.
"Әзірленіп жатқан тетікке және болжамды есептеулерге сәйкес мыналар жоспарлануда. Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балаларға бөлінеді. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі инвестициялық кірістің ықтимал теріс мәндерін теңестіру үшін инвестициялық кіріс нормасын алдыңғы кезеңдердің орташа жылдық мәні негізінде анықтау жоспарланып отыр. Болжалды бағалауларға сәйкес, бұл тәсіл осы бағдарламаға туғаннан бастап қатысатын балаға 150-160 доллар көлемінде 18 жылдық төлем алуға мүмкіндік береді ".Дәурен Темірбеков
Оның сөзінше, бала 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалып, қаржы құралдарына салынады. Баланың жинақ ақшасының болжамды сомасы шамамен 3,5 мың доллар болуы мүмкін.

Вице-министр жоба операторы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады деп жоспарланып отырғанын атап өтті.
"Бала дүниеге келген кезде Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың деректер базасы негізінде шот автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда 18 жасқа дейін шоттарға қаражат шартты түрде түседі. Шотта жинақталған қаражатты тек 18 жаста пайдалануға болады. Жобаға қатысушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып саналатын балалар болады. Сондай-ақ шоттардағы қаражатты салықтан босату ұсынылып отыр. 18 жасқа толғанда шоттағы төлемдерді доллармен беруді ұсынамыз". Дәурен Темірбеков

Ол 18 жасқа толған кезде бұл қаражат баланың меншігінде болатынын, ол оны оқуға немесе баспана сатып алуға пайдалануды өз бетінше шешуі керек екенін атап өтті.

Бұл ретте шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалануды шектемеу жоспарланған.

Ал тұрғын үй сатып алу үшін қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалануға рұқсат етіледі. Бұл қаражатқа сатып алынған тұрғын үйлерді қайта сатуға шектеу қойылмайды.

Сондай-ақ мынандай талаптар ұсынылып отыр:


Қазақстан
Ұлттық қор – балаларға

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды