Түнде және таңертең Атырау облысының оңтүстігінде, батысында боран борайды деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде көктайғақ орын алады. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда түнде және таңертең боран борайды. Оңтүстік батыстан түнде соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Орал қаласында түнде көктайғақ болады деп болжанады.
Күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде боран борайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың орталығында, шығысында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с болады.