Қазақстанда танымал курорт аймақтарға апаратын жолдар жөнделеді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан 2030 жылға қарай туристер арасында танымал елдердің рейтингіне кіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министр 15 ақпанда өткен кеңес барысында еліміздегі туризм мен спортты дамыту мәселелерін талқылады.

Туризмді дамыту үшін Балқаш, Қапшағай, Алакөл және Баянауыл курорт аймақтарына баратын жолдарды жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен бірге танымал демалыс орындары ұялы байланыспен толық қамтамасыз етілмек.

Қалаларда спорт инфрақұрылымын дамыту үшін өңірлерде жүгіру және велотректерді, спорт аймақтарын, бұқаралық спорт орталықтарын және ауылдық жерлерде модульдік спорт нысандарын салу жоспарда, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.

"Қазір көп қалада балалар мен ересектер денесін шынықтыратын аулаларда спорт алаңдары пайда болып жатыр. Бұл - өте жақсы тәжірибе. Ол қазақстандықтар арасында күннен-күнге танымал болып келеді. Біз спорттың негізгі түрлерімен айналысу үшін осындай барлығына қолжетімді нысандарды салуды жалғастыруымыз керек".Әлихан Смайылов

Сонымен қатар спортшыларды дайындаудың заманауи әдісін енгізу және медицина жағынан қамтамасыз ету сапасын арттыру жоспарланып отыр.

Қаңтар айының ортасында жарияланған халықаралық рейтингте Қазақстан туризм бойынша соңғы орынға жайғасты.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды