"Айырма - 1 сағат 46 минут". Қостанайда уақыт белдеуі ауысуы мүмкін

Сурет: pixabay
Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Тобыл өңірін табиғи уақыт белдеуімен теңестіру мәселесі қарастырылып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қостанай облысы тұрғындары мен белсенділер бірнеше жылдан бері табиғи уақыт белдеуінің ауытқуы адам денсаулығына қауіпті екенін айтып келеді. Олар сағат тілін кейін шегеруді талап етуде. Өйткені Қостанай облысының стандарттық уақыты өзінің жағрафиялық белдеуінен 1 сағат 46 минутқа озып отыр. Уақыт белдеуін ауыстыру экология мен жануарлар әлеміне әсер етуі мүмкін. Сондықтан барлық жауапты министрліктермен бірлесе отырып бұл түйткіл түбегейлі зерттеледі. Бұл мәселеге қатысты ведомствоаралық комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.


"Үкіметте жұмыс тобы құрылды. Осы ақпанда жұмыс тобының жиналысы болады аталған мәселе бойынша. Өте маңызды сұрақ. Білесіздер ғой, қазір түн сияқты. Денсаулық сақтау министрлігі, экология министрлігі бәріміз талқылап көреміз. Ақпанда жауап береміз". ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды