20 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғатыны ескертілді

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша республикамыздың басым бөлігінде қар жауып, боран борайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 ақпанда скандинавиялық циклонның жүруіне және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады: қар жауып, ақтүтек боран болады, батыс өңірлерде және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Қазақстанның басым аумағында көктайғақ, тұман, қатты жел болады деп күтіледі. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады.  Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырау қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Ақтауда тұман түседі. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың орталығында, шығысында, солтүстігінде оңтүстік шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.

Астанада қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Таңертең және түстен кейін оңтүстіктен соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман түседі деп күтіледі. Тау асуларында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде Батыс Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады. Түнде облыстың шығысында солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстік батысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түстен кейін жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады. Павлодар қаласында да тұман болады.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде боран, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан оңтүстік батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: