Алматыда бизнеске заңсыз кедергі келтіргендер жөнінде сигнал беретін QR код пайда болды

Сурет: pixabay
Алматыда бизнеске заңсыз араласқандар туралы хабарлау ету үшін арнайы QR код пайда болды, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Алматыда "Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ" жобасы оnline режимде іске қосылды. Енді кәсіпкердің құқығы бұзылған жағдайда, оның ішінде кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері болса, кәсіпкер QR-кодты қолдану арқылы Алматы қаласы прокуратурасы кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топқа жүгіне алады.

Прокуратура кәсіпкерлік субъектілерінің барлық нысанына арнайы QR-кодты орналастыруды жоспарлап отыр. Мысалы, дүкендер, базарлар, дәріханалар, сұлулық салондары, фитнес орталықтары, кеңселер және кәсіпкерлердің кез-келген үй-жайлары.

"Жобаның жұмысы келесідей, кәсіпкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу туралы сигнал беру үшін QR-кодты сканерлейді, бұдан әрі заңсыз араласу фактілері туралы қысқаша ақпаратты баяндайды. Егер бар болса, фотосуреттер мен видео материалдарды қоса жібереді".Медеу ауданы прокурорының орынбасары Бауыржан Төлендинов 

Оның сөзінше, әрі қарай Прокуратура ақпаратты сигнал бойынша 30 минут ішінде бағалайды және қажет болған жағдайда сигнал түскен объектіге барып жедел әрекет етеді. 

Кәсіпкерлерден түскен барлық сигнал қала прокуратурасының дерекқорына түседі және аудандар бойынша топтастырылады. Кейіннен бұл ақпарат прокуратура мен кәсіпкерлер палатасына сигналдарды талдауға және қаланың жүйелік проблемаларының тізілімін қалыптастыруға көмектеседі.


Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты