Уфук Екиджи Қазақстанда тұрғын үй салып жатқан түрік мердігерлеріне күмәнмен қарамауға шақырды

Сурет: Zakon.kz
Түркия елшісі Уфук Екиджи шетелдегі түрік мердігерлері құрылыстарды жергілікті құрылыс нормалары мен ережелерінде жазылған талаптарға сай салып жатқанын және оның сапасына күмәнданудың қажеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында ол түрік құрылысшылары құрылыс саласында алғашқы орындарды алып отырғанын атап өтті. Ең ірі құрылыс мердігерлік компаниялары әдетте шетелде де жұмыс істейді.

"Олар өз жұмысын жергілікті жергілікті құрылыс нормалары мен ережелеріне және нормаларға, бақылау ережелеріне сай жүргізеді. Жергілікті билік түрік компанияларының құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалайды. Сондықтан түрік мердігер компаниялары шетелде сапасыз жұмыс істейді деп айтудың жөні жоқ деп ойлаймын. Жер сілкінісі болған аймақта құрылысты шағын және орта компаниялар салған. Қазақстанда құрылысты өзін дәлелдеген ірі компаниялар ғана салып жатыр. Қираған ғимараттардан тиісті қорытынды шығарылады". Уфук Екиджи

Түркияда 6 ақпан күні таңертең болған жер сілкінісі соңғы мәліметтер бойынша 43,5 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Апат аймағынан 448 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Полицейлердің мәліметінше, 564 адам жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарда үй салу нормаларын бұзды деген күдікке ілінді. Күдіктілердің 160-ы қамауға алынды. Кейбірі әлі іздеуде.

Қазақстан
Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі