Бейіт басындағы тастарда QR код пайда болды

Сурет: видеодан скриншот
Енді QR код арқылы адамдар қайтыс болған кісінің кім болғанын, қандай қызмет атқарғанын, өмірбаянын біле алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

QR коды бар құлпытастар туралы видеоны журналист Ақбөпе Тәңірберген өзінің Instagram-дағы парақшасына бөлісті. 

"Зират басына сурет қоюға болмайды. Шариғат қарсы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осындай шешімін ұсынып отыр", - деп жазды Ақбөпе Тәңірберген.

Видеода Астанадағы қалалық зират көрсетілген.

Журналистің бұл видеосын Дәулет Мұқаев та жариялады. "Бір күні өлгендермен тілдесіп отырмасақ болғаны" деп пікір білдірді ол.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін