Бас прокуратурада кадрлық ауыс-түйіс болды

Сурет: Telegram/GenPr
ҚР Бас прокуратурасында кадрлық ауыс-түйіс болды. Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы, Бас прокурор аппараты басшысының орынбасары, Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокурордың бұйрығымен Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы болып әділет аға кеңесшісі Марат Әбішев тағайындалды.

Сурет: Telegram/GenPr

Марат Әбішев 1979 жылы туған. Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "халықаралық құқық" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2000 жылы Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілі 22 жылдан асады.

Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары болып әділет аға кеңесшісі Берік  Жүнісбеков тағайындалды.

Сурет: Telegram/GenPr

Берік Жүнісбеков 1981 жылы туған. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Еңбек өтілі:

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 18 жылдан астам.

Бас прокуратураның Ішкі тергеп-тексеру департаментінің бастығы лауазымына әділет аға кеңесшісі Жарқын Құсайынов тағайындалды.

Сурет: Telegram/GenPr

Жарқын Құсайынов 1976 жылы туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Қызметін 1993 жылы Бас әскери прокуратура органдарының жүйесінде бастаған.

Осы тағайындауға дейін Астана қаласы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі 26 жылдан астам.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін