Жол апатынан қайтыс болған Дархан Жүнісбековтің әпкесі: Отбасымыз қара жамылды

Сурет: Instagram/d.juzz
24 ақпан күні Таиландта оқыс оқиғадан қайтыс болған белгілі қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбековтің (Darkhan Juzz) әпкесі Назым Жүнісбекова желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Instagram-дағы Stories-те жазба қалдырды.
"Иә, достар. Ақпарат рас. Менің енді інім жоқ. Direct сұрақтармен толып кетті. Отбасымыз қара жамылды", - деп жазды Darkhan Juzz-дің әпкесі.

Бірер уақыт бұрын Darkhan Juzz лақап атымен танылған музыкант қайтыс болғаны хабарланған еді. Бұл туралы Ерлан Қарин Instagram-дағы парақшасында жазды.

Кейін Сыртқы істер министрлігі Darkhan Juzz Тайландта жол апатынан қайтыс болғанын растады. Таиланд полициясының мәліметіне сай, Дархан Жүнісбеков 24 ақпанда Пхукет аралында қайтыс болды.
Консул қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста. Мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажет құжаттарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген. Көпке Darkhan Juzz деген атпен танылған әнші - "Үйде", "Сапар", "Шекер", "Кейіпкер" әндерін шығарған және өзі орындады. Оның инди-поп жанрындағы әндері тыңдарманға ерекше жаңа стиль алып келген еді.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды