Алматылықтар жер сілкінісі туралы мобильді қолданбадан біле алады

Сурет: unsplash
Төтенше жағдайлар министрлігі Darmen қосымшасын жер сілкінісі, сел және басқа да табиғи төтенше жағдайлар кезінде алдын ала хабарлау жүйелеріне қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, биыл 1 наурыз - Азаматтық қорғаныс күнінің ұраны - "Қауіпті бағалаудағы ақпараттық технологияның ролі".

Төтенше жағдайлар министрлігі өз жұмысына мобильді қосымшаларды пайдаланбақ. Солардың бірі – Darmen – жолдардың жабылуы және ашылуы, оқу орындарындағы сабақтардың тоқтатылуы, дауылды ескертулер туралы тегін хабарлау қызметін қамтиды.

"Сонымен қатар Азаматтық қорғаныс қосымшасы Darmen-ге біріктірілген. Ол түсінікті тілде  жадынама мен нұсқаулық түрінде азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізудің қауіпсіз тәртібі, ережелерімен танысуға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайлар министрлігінің Дарменнің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша тағы жоспарлары бар."Бауыржан Сыздықов

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Алматы әкімшілігімен бірлесіп, қолданбаны жер сілкінісі туралы алдын ала ескертуге, морена көлдерінің (мұздық ойпаңдарында қалыптасқан. – Ред.) және сел жағдайын бақылау жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Ауқымды қауіп төнген жағдайда тұрғындарға арналған хабарламалар Алматы маңында орнатылған сенсорлардан тікелей қолданбаға жедел жіберіледі.

27 ақпанда алматылықтар Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін сезді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы