Еліміздегі жастар бірден 6 миллионға дейін көбейді

Сурет: freepik
26 ақпан күні "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң күшіне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңда Қазақстанның 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтары "жастар" болып танылады деген норма бар еді.

Осылайша, жастардың жасы 29-дан 35-ке дейін ұлғайтылды. Бұл өз кезегінде жастардың үлесін 3,7 миллионнан 6 миллион адамға дейін өсірді.

Заңнамадағы жастардың жасы ұлғаюы қазақстандықтарға мемлекеттен қолдау алуға және мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн.

Заң сонымен қатар мына ұғымдарды енгізеді:

"Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға мемлекет басшысы 2022 жылғы 26 желтоқсанда қол қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды