Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты

Cурет: Instagram/kamshat__zholdybayeva
Актриса әрі әнші, KeshYou тобының экс-солисі Кәмшат Жолдыбаева тұрмысқа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жағымды жаңалық әлеуметтік желілерде таралған видеодан белгілі болды. Әншінің таңдауы актер Ғазрет Ержанов болды. Екеуі бұрын "Рауза" сериалында бірге ойнаған.

1 наурызда TikTok желісінде Кәмшат Жолдыбаеваның "қыз ұзату" рәсімінен түсірілген видеолар пайда болды. Видеода Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов жайылған дастархан басында отыр. Кәмшат ақ ұзын көйлек, сыртынан қазақы нымша және басына тақия киген.


Жарияланған видеоға қарасақ, "Қыз ұзатуға" шақырылғандардың қатарында әнші, актриса Жанар Айжанова бар. Ол тойда домбырамен ән шырқаған.

Тағы бір видеода Кәмшаттың анасы қызына тілегін айтқан. 

"Бір-біріңді сыйлаңдар, қол ұстасып өмір сүріңдер. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Бір-біріңді шын сүйетіндердің бірі болыңдар. Бақыт тілеймін", - деді Кәмшат Жолдыбаеваның анасы қызына сәукеле кигізер алдында.


Айта кетері, әнші де, актер де олардың өміріндегі қуанышты жаңалық туралы әлі тіс жармады. Дегенмен Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Ержанов кездесіп жүр деген қауесет "Рауза" сериалы шыққаннан кейін пайда болды. Желі қолданушылары бұл жұпты олардың арасындағы жас айырмашылығына байланысты да талқылап жүр. Әншә мен актердың арасы - 5 жас. 



Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек