FlyArystan-ның хабарлауынша, 25 ақпанда әуе компанияға қатысы жоқ себептерге байланысты (Шымкент әуежайындағы ұшып-қону жолағы жұмысының шектеуіне байланысты) Астана - Шымкент бағытында ұша алмай қалған жолаушылар жанжал шығарды, олардың екеуі әкімшілік жауапқа тартылып, әкімшілік жазаға сәйкес, ҚР 434-бабына және 73-баптың 1-бөліміне сай (соққыға жығылу) айыппұл төледі. Алайда компания мұнымен келіспейді және жанжал шығарған жолаушының бәрін жауапқа тартпақшы.
"Ауа райы салдарынан кешіктірілген немесе орындалмай қалған рейстер әуекомпанияға қатысы жоқ себептерге жататынын мәлімдейміз. Жолаушылар және экипаж қауіпсіздігі біздің басты приоритетіміз болып саналады; ал рейстің кешіктірілуі немесе орындалмауы жайлы шешім халықаралық әуе қауіпсіздігіне сай қабылданады. Өкінішке қарай, рейстің орындалмауы туралы шешім кейбір жолаушылар арасында наразылық тудырып, олар әуекомпания қызметкерлеріне қатты сөз айтып, оларды қорқытып, сонымен қатар қызметкерлерге қол көтергенін хабарлаймыз. Аталмыш істері үшін жолаушылардың екеуі әкімшілік жазаға тартылды. Осындай жағдай қайталанатын болса, оларды Заңға сай 15 тәулікке қамауға алады". FlyArystan баспасөз қызметі
Сонымен қатар FlyArystan Қазақстанда 1 наурыздан бастап "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Заңнамада жаңартулар енгізілгенін, әуекомпания "жанжалқой жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға құқылы" екенін хабарлады. Бұдан былай тәртіп бұзушыларды тәртіпке шақырып, 50 АЕК-дан бастап айыппұл салынады. Сонымен қатар Заңды бұзған жолаушылар "қара тізімге" енгізіледі.