Еліміздегі ең бойшаң ер адамның бірі Абай облысында тұрады

Сурет: видеодан алынды
Абай облысының Көкпекті ауданында бойы 2 метрден асатын ер адам тұрады. 47 жастағы азамат бойының ұзындығы өмірде де жұмыста да көп септігін тигізетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Тек киім таңдауда аздаған қиындық болады", - дейді кейіпкеріміз. Станислав Вишняков аудан орталығы Көкпекті ауылында тұрады. Осындағы сорғы стансасында 25 жылдан бері машинист болып жұмыс істейді. Әріптестері мұндай білікті маманмен бірге еңбек ететінін мақтан тұтады, делінген "Хабар-24" телеарнасының сюжетінде.

Станиславтың бойы 10-сыныптан кейін өсе бастапты. Ол кезде 197 сантиметр болған екен. Ал 37 жасында бойының ұзындығы 2 метр, 8 сантиметрге жетіпті.

"Бірақ жыл өткен сайын шөге бастайды екенсің. Қазір бойым  - 2 метр, 2 сантиметр, салмағым – 125 келі, аяқ-киім өлшемі – 47 сантиметр", - дейді ол.

"Бойдың ұзын болғаны жақсы ғой. Көшеде арулар сүйсіне қарайды. Көкпектіде маған шақ келетін киім жоқ болғандықтан Семей мен Өскеменге арнайы барамын. Жұрттың бәрі маған таңдана қарап, суретке түсіп жатады".Көкпекті ауылының тұрғыны Станислав Вишняков

Бос уақытында спортпен шұғылданатын Станислав зайыбы Айжанмен бірге екі бала тәрбиелеп отыр. Оның ұлым Семейде оқиды екен. Оның бойы да әкесімен шамалас көрінеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев