Желіде танысқан ер адаммен кездескен оқушы ауруханаға түсті: Ақтөбеде атышулы іс тергеліп жатыр

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 18:47 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған жасөспірім мен ересек ер адамның арасындағы интимдік қатынас болуы мүмкін деген факті бойынша іс тергеп жатыр. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәмелетке толмағанға қатысты қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Жарияланған мәліметке сәйкес, ер адам интернетте жоғары сынып оқушысымен танысып, болжам бойынша өзінің шын жасын жасырған.

Жеке кездесуден кейін жасөспірім жұқпалы аурумен ауруханаға жатқызылған.

Облыстық полиция департаменті тергеу амалдарының жүргізіліп жатқанын растады.

"Осы дерек бойынша қазіргі уақытта Ақтөбе полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті барлық тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылғы 21 қыркүйекте Zakon.kz тілшісіне.

Еске салайық, бұған дейін СҚО-да ер адам мектеп оқушысын зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: