Түркістан облысының прокуроры қайтыс болды

Сурет: gov.kz
Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Әлиханов 1965 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

ҚР Бас прокуратураның Басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында, ҚР Бас көлік прокуроры болып қызмет атқарған.

Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

Түркістан облысының прокуроры болып 2020 жылғы 19 ақпанда тағайындалды.


Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі