Қарағандылық ерлі-зайыпты Наурызға арнап ерекше композиция жасады

Сурет: astanatv
Қарағандылық ерлі-зайыпты "Наурыз" деп аталатын ерекше композиция жасады. Онда төл мереке мен салт-дәстүр, тұрмыстық ерекшеліктер қамтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, олар осылайша ұлттық құндылықтарға құрметін көрсеткісі келіпті.

Композиция жайлаудағы Наурыз мейрамын елестетеді. Киіз үй, наурыз көже, алтыбақан, мерекені түрлі ұлт өкілі жаппай тойлап жатыр. Далада төрт түлік жайылып жүр.

"Ең алғаш жаңа жылдық композиция жасаған болатынбыз. Сосын неге Наурызға арнап жасамасқа деген ой келді. Оған мерекелік ғана емес, қазақ халқының тұрмыс-салтын да енгіздім".  Қала тұрғыны Валерий Роголев

Валерий - барабаншы, ал жұбайы Татьяна - скрипкашы. Өнер адамдары болғандықтан әрбір детальді ерекше дәлдікпен айнытпай бейнелеуге тырысқан. Ол үшін ағаш бұтақтары мен киіз, тас, топырақ, түрлі мата, бояулар мен пластмасса бұйымдар мен дәнді-дақылдарға дейін қолданған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі