Демалыс және мейрам күндергі ауа райы болжамы: Күн күрт жылынады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 2023 жылғы 18-24 наурыз аралығында демалыс және мереке күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Болжамға сәйкес, ауа райы жауын-шашынды болып, еліміздің жеті аймағында күн күрт жылынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, 18-19 наурызда еліміздің солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, еліміздің оңтүстік жартысында жаңбыр жауады деп болжанады.  

"19 наурызға қараған түні Алматы және Жетісу облыстарының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі, осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлерде сай-салаға су толады деп күтіледі", делінген хабарламада.

Болжамға сәйкес, 22-24 наурызда солтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.

"21 наурыздан бастап Ұлытау, Павлодар, 22 наурыздан бастап Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз сынап бағаны біртіндеп 3-13 градусқа көтеріліп, күн күрт жылынады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы