Оқиға 21 наурызда Мәртөк ауданындағы Жайсаң ауылында болған. Бір жасар қыз өз ауласындағы құдыққа құлап кеткен. Ауылға орталық су құбыры тартылғанша тұрғындар осы құдықтан су алып жүрген.
Шұңқыр жабық тұрған, бірақ саңылау пайда болған, cалдарынан бала оған құлап кеткен.
"Қызым екі метрге құлап кеткен. Ол кезде жұбайым мен қайынатам аулада еді. Қайынатам оны өзі шығарып алмақ болған, бірақ ол тереңге түсіп кеткен. Әйелім хабарласты, мен дереу жеттім, досым Даниярды шақырдым. Бар шаруасын тастап, Жайсаңға келді", - дейді кішкентай Мәдина Медеттің әкесі.
Данияр төрт метр тереңдіктегі құдыққа өзі түскен. Кішкентай қызды шығару оңай болмапты. Данияр оны күртешесінен сүйреп алмақ болғанда, қыздың күртешесі шешіліп қалған, ал баланы шығарып ала алмаған.
Кейін ол жерді қолымен тырмауға мәжбүр болған. Біраз уақыттан кейін ол қызды көтеріп үлгерген.
"Құтқарушылар келгенде баланы алып шығып үлгерген. Даниярға алғысымыз шексіз. Оның да кішкентай баласы бар. Балаға жақында Санкт-Петербургте операция жасалды. Данияр жұмыссыз, баспанасы жоқ. Біз бүкіл әлем оған ұлын емдеуге көмектестік. Енді қызымызды аман алып қалды", - дейді Мәдинаның әкесі Медет Қарақұлов.
Осы оқиғадан соң Медеттің ауласындағы құдық бірден қоршалыпты. Қазір қыздың жағдайы жақсы.
Желі қолданушылары Данияр Мадияровты марапаттауды сұрап отыр.