+42°C-қа дейін аптап ыстық: шілденің соңғы күндерінде Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады
Фото: pixabay
Болжам бойынша, аздаған жаңбыр тек елордада жаууы мүмкін. Ал еліміздің басқа екі ірі қаласында жауын-шашын күтілмейді.
Астана
29 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +29...+31°C болады.
30 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +33...+35°C аптап ыстық болады.
31 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C аптап ыстық болады.
Алматы
29 шілдеде көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C болады.
30 шілдеде көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C болады.
31 шілдеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы баяу болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C аптап ыстық болады.
Шымкент
29 шілдеде көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C аптап ыстық болады.
30 шілдеде көшпелі бұлтты. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C аптап ыстық болады.
31 шілдеде көшпелі бұлтты. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +40...+42°C аптап ыстық болады.
Бұған дейін аптап ыстыққа байланысты қазақстандықтар жұмыс кестесін өзгерте ала ма деген сұраққа жауап берген едік. Толығырақ осы жерден оқи аласыз.