Алдағы күндері Алматыда ауа температурасы +15°С-қа дейін көтеріледі
Фото: pexels
Қараша айы жылы күндерімен таңғалдырып келеді. Мамандардың болжамынша, Алматыда ауа температурасы +15°С-қа, ал Шымкентте +20°С-қа дейін көтеріледі. Алайда Шымкентте жаңбыр жауады.
Астана
18 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Желдің жылдамдығы түнде 3–8, таңертең және күндіз 9–14 м/с болады. Ауа температурасы түнде −4…−6°С, күндіз +3…+5°С.
19 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан түнде 5–10, күндіз 2–7 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −4…−6°С, күндіз 0°С шамасында.
20 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде −5…−7°С, күндіз +2°С.
Алматы
18 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +8…+10°С.
19 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +11…+13°С.
20 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +13…+15°С.
Шымкент
18 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 8–13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С.
19 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +7…+9°С, күндіз +18…+20°С.
20 қараша: күн құбылмалы бұлтты болады, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +18…+20°С.