Қоңыр күздің жылы күндері: Қазақстанда қай қалада ауа температурасы +26°С-қа жетеді

Алматы, осень в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2026 15:00 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Алматы, Астана және Шымкент қалаларына 2026 жылғы 9, 10 және 11 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елордада жаңбыр жаууы мүмкін. Ал Алматы мен Шымкентте алдағы үш күнде жауын-шашын күтілмейді.

Астана

9 қазан: күн ала бұлтты болады. Түнде және таңертең аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан секундына 9–14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3…+5°С, күндіз +9…+11°С болады.

10 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1…-3°С, күндіз +11…+13°С болады.

11 қазан: күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +13…+15°С болады.

Алматы

9 қазан: күн ала бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +19…+21°С болады.

10–11 қазан: күн ала бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +20…+22°С болады.

Шымкент

9 қазан: күн ала бұлтты болады. Оңтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +6…+8°С, күндіз +22…+24°С болады.

10 қазан: күн ала бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С болады.

11 қазан: күн ала бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан секундына 8–13 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +24…+26°С болады.

Бүгін, 2026 жылғы 8 қазанда, елімізде қандай ауа райы болатынын мына сілтемеден білуге болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: