10-12 шілдеде аптап ыстық күшейеді: Шымкентте +40°С-қа дейін, Астана мен Алматыда +38°С-қа дейін ыстық болады
Фото: Zakon.kz
Мамандардың мәліметінше, жауын-шашын күтілмейді. Алайда еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады: Шымкентте ауа температурасы +40°С-қа, ал Астана мен Алматыда +38°С-қа дейін көтеріледі.
Астана
10 шілде:
Ауа райы аз бұлтты. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 12 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +34...+36°С.
11 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +35...+37°С.
12 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +35...+37°С.
Алматы
10 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Ауа температурасы түнде +19...+21°С, күндіз +33...+35°С.
11 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Ауа температурасы түнде +20...+22°С, күндіз +35...+37°С.
12 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Ауа температурасы түнде +21...+23°С, күндіз +36...+38°С.
Шымкент
10-12 шілде:
Ауа райы құбылмалы бұлтты. Күндіз желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°С, күндіз +38...+40°С.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстандағы климаттың өзгеруіне қатысты алаңдатарлық мәліметтерді жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, елімізде ауа температурасы әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда жылдамырақ артып келеді.