Алматыда +35°C-қа дейінгі аптап ыстық күтіледі
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана
- 12 маусым: ауыспалы бұлтты, кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні – 15–20 м/с дейін. Ауа температурасы: түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
- 13 маусым: ауыспалы бұлтты, жаңбыр және найзағай күтіледі. Желдің екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы: түнде +14…+16°C, күндіз +25…+27°C.
- 14 маусым: аспан бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанады, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні 9–14 м/с. Ауа температура: түнде +14…+16°C, күндіз +26…+28°C.
Алматы
- 12 маусым: аспан бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 13 м/с дейін. Ауа температурасы: түнде +17…+19°C, күндіз +28…+30°C.
- 13 маусым: жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы: түнде +17…+19°C, күндіз +30…+32°C.
- 14 маусым: жауын-шашын болмайды, күн ашық. Ауа температурасы көтеріледі: +33…+35°C.
Шымкент
- 12 маусым: аспан бұлтты, бірақ жаңбыр болжанбайды. Жел 8–13 м/с. Ауа температурасы: +33…+35°C.
- 13 маусым: күн ашық, жел аздап күшейеді. Ауа температурасы: +34…+36°C.
- 14 маусым: аптап ыстық күтіледі. Ауа температурасы: +36…+38°C.
Бұған дейін "Қазгидромет" РМК еліміздегі үш ірі қала бойынша 11-13 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript