Алматы мен Шымкентте нөсер жаңбыр жауады
Метеорологтардың мәліметінше, 25, 26 және 27 қыркүйекте Алматы мен Шымкентте найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Ал елордада жауын-шашын күтілмейді. Бірақ түнде ауа температурасы бес градус аязға дейін төмендейді.
Астана
25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 10-12 градус жылы.
26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 7-12 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус аяз, күндіз 7-9 градус жылы.
27 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз желдің екпіні секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 12-14 градус жылы.
Алматы
25 қыркүйек: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күннің соңында найзағай ойнайды. Батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 23-25 градус жылы.
26 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ. Күндіз желдің екпіні 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 12-14 градус жылы.
27 қыркүйек: көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, түнде кейде қатты. Желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 12-14 градус жылы.
Шымкент
25 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.
26 қыркүйек: көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 22-24 градус жылы.
27 қыркүйек: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр. Күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 19-21 градус жылы.