Астанада үсік, Алматы мен Шымкентте жаңбыр – алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Астана
16 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді, күндіз 21-23 градус жылы.
17 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-4 градус, күндіз 18-20 градус жылы.
18 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 2-7 м/с болады. Ауа температурасы түнде 3-5 градус, күндіз 15-17 градус жылы.
Алматы
16 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 28-30 градус ыстық.
17 мамыр – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 29-31 жылы.
18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 5-10, найзағай кезінде 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 13-15 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
Шымкент
16 мамыр – көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде 18-20 гралус, күндіз 30-32 градус жылы.
17 мамыр – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, найзағай кезінде 16 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-17 гралус, күндіз 22-24 градус жылы.
18 мамыр – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 8-13 жел соғады, найзағай кезінде 16 м/с болады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус, күндіз 23-25 градус жылы.