Астанада үсік, Алматы мен Шымкентте жаңбыр: үш күнге арналған ауа райы болжамы

Дождь, дожди, осадки, ливень, ливни, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2026 16:56 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК Астана, Алматы және Шымкент қалаларына 2026 жылғы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан және шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +1…+3°С, күндіз +17…+19°С. Топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +17…+19°С.

1 қазан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 9–14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +13…+15°С.

Алматы

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік бағыттардан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +9…+11°С, күндіз +21…+23°С.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.

1 қазан: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кейде екпіні 13 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.

Шымкент

29 қыркүйек: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +22…+24°С.

30 қыркүйек: көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде +11…+13°С, күндіз +21…+23°С.

1 қазан: көшпелі бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +18…+20°С.

Қазақстан бойынша 29 қыркүйек – 1 қазанға арналған ауа райы болжамы да жарияланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: