Құрғақшылық болуы мүмкін: синоптиктер Қазақстан диқандарына үндеу жасады

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК көктемгі егіс жұмысына дейін топырақтағы ылғал қорының болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалпы болжам бойынша, еліміздің солтүстігіндегі астықты өңірлер үшін қазіргі жағдай қолайлы болмақ.

"Алайда, Қазақстанның батысында, орталық және шығыс бөлігінде сәуір айында жауын-шашын тапшылығы болуы мүмкін. Бұл бастапқы кезеңде ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін"."Қазгидромет" РМК

Синоптиктердің есептеулері көрсеткендей, көктемгі дала жұмыстарына дейін Қазақстан аумағындағы егіс алқаптарының ылғалмен қамтамасыз етілуі болжанды:

"Көктемгі дала жұмыстарының басталуына қарай топырақтағы ылғал қорының соңғы болжамы шамамен 25 сәуірде әзірленеді"."Қазгидромет" РМК

Көктемгі дала жұмысы кезіндегі ылғал қоры туралы деректер егіс алқаптарының құрылымын анықтауда, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістерінің оңтайлы нормаларын анықтауда, тұқым себу және тыңайту тереңдігін таңдауда маңызды рөл атқарады. Бұл түптеп келгенде жалпы өнімнің сапасы мен шығымына әсер етеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі