Министр үкімет отырысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 23,2% болғанын мәлімдеді. Сонымен қатар ол коронавирус пандемиясы кезінде салауатты өмір салтын насихаттауға арналған бюджет 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге қысқарғанын (2,5 млрд.теңге) және бүгінде 512 млн теңге болғанын қоса кетті.
"Бұл салауатты өмір салтының іс-шараларын іске асырудың 10 есеге төмендеуіне және халықтың хабардар болуының 2019 жылғы 67%-дан 2022 жылы 12%-ға дейін төмендеуіне әкелді. Халықтың салауатты өмір салтының дағдылары туралы хабардар болуын арттыру, инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы іске асырылып жатыр. Онда салауатты өмір салтын ұстанатын халықтың үлесін ұлғайту және бұқаралық спортты дамыту, оның ішінде темекі өнімін, алкогольді, семіздікті және т. б. тұтынуды азайту жөніндегі шаралар бойынша жеке бағыт қабылданды".Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният
2023 жылы халық арасында салауатты өмір салты бойынша 1,4 миллионнан астам іс-шара өткізілмек (2022 жылы - 1,3 млн.). Оған қоса инфекциялық емес ауруларды азайту үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "Саламатты қалалар", "Саламатты мектептер", "Саламатты университеттерә жобаларын енгізу жалғаспақ.
Сонымен қатар мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Саламатты өмір салтын насихаттауды күшейту, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру бойынша 2023-2025 жылдарға арналған ведомствоаралық жол картасы әзірленді, ол мемлекеттік органдарда келісу рәсімінен өтіп жатыр.
"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2025 жылға қарай саламатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 30%-ға дейін артады деп болжанды". Ажар Ғиният