Қазақстанда өңірлер мен қалалар рейтингісі нәтижесінде арнайы сыйлық беру мерзімі өзгермек

Сурет: pixabay
Есеп комитеті "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы жарлығына өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру ережесіне құжат тапсыру бойынша өзгеріс енгізілді.

"Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады", – деп жазылған құжатта.

Қолданыстағы ережеде рейтинг нәтижелері бойынша құжаттар 30 қазаннан кешіктірілмей тапсырылған еді.

Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 20 наурыздағы тапсырмасын орындау шеңберінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлердің рейтингін өткізу мерзімін оңтайландыру ұсынылып отыр.

"Бұл өзгеріс өңірлердегі кәсіпкерлік ортаның өзгеруіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді, өйткені статистикалық және әлеуметтанушылық өлшемдердің нәтижелерін синхрондау қамтамасыз етіледі", – делінген құжатта.

Құжат 20 сәуірге дейін талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды