Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Сурет: pixabay
"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 11 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 

Түркістан облысының тауында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте  түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Ұлытау облысында шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Павлодар облысының басым бөлігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. 

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с, найзағай кезінде кей уақытта 25 м/с.

Алматыда кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Конституциясы – Қуатты, Озық, Өркениетті Қазақстанның жаңа Жарғысы