Астананың екі ауданына жаңа әкімдер тағайындалды

Сурет: gov.kz
Астанада Президент әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша екі ауданның әкімдері тағайындалды. Нұра ауданының әкімі қызметіне Жүсіп Жұмағұлов, ал Сарыарқа ауданының әкімі болып Бауыржан Ералы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүсіп Жұмағұлов – президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Ол еңбек жолын елорданың Инвестициялар және даму басқармасының маманы лауазымынан бастаған.

Бауыржан Ералы еңбек жолын ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің инспекторы лауазымынан бастаған.

Әр жылдары сарапшы, "Ахуалдық орталық" басқармасының бас сарапшысы, "Электрондық декларациялау орталығы" басқармасы басшысының орынбасары м.а. лауазымдарын атқарды.

2022 жылы "ҚР Қаржы министрлігі МКК бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысының орынбасары болып еңбек етті. Тағайындалғанға дейін елорда әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында аудан әкімдеріне аудандар мен елді мекендерді дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті