14 cәуірден бастап Алматының жасыл желегін биологиялық түрде өңдейді

Сурет: Zakon.kz
Ағаштардың қалыпты жағдайын сақтау және зиянкестерге төзімділігін арттыру мақсатында 14 сәуірден бастап қаланың жасыл желегін биологиялық өңдеу басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зиянкестерге өңдеуден кейінгі әсерді күшейту үшін биылдан бастап бірінші кезеңде (вегетация басында) емендер төрт рет, теректер екі реттен өңделеді. Бұған дейін олар бір рет қана өңделетін. Алайда өңдеу реттілігі аздығының тиімсіз екендігі дәлелденді және ағаштарды сақтап қалуға мүмкіндік бермейтіні анықталды. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Жұмыс барысында адамдарға құстар мен жануарларға зиянсыз, климаттық ерекшеліктерді ескере отырып ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген сертификатталған қауіптілігі төмен классқа жататын (П-4) биологиялық және кейбір кездерде химиялық препараттар қолданылады.

"Жапырақ кеміргіш және зең ауруларын қоздырғыш зиянкестерге қарсы өңдеуде 2,3 млн астам ағашты қамту жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиялық ерекшеліктеріне қарай өңдеу түнде және таңғы уақытта жүзеге асады", - делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Биыл биологиялық өңдеу әдеттегідей төрт кезеңде жүргізіледі:

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі