ДСМ екі айдан астам уақытқа еңбекке жарамсыздық парағы берілетін аурулар тізбесін нақтылайды

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врачи, доктора, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 09:12 Фото: freepik
Денсаулық сақтау министрлігі уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан асатын аурулар тізбесіне өзгерістер енгізу жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістер құжаттағы ауру атауларын нақтылап, тізбені еліміздің барлық өңірінде біркелкі қолдануға бағытталған.

Түзетулерге сәйкес, ауру атаулары Аурулардың халықаралық жіктемесіндегі (АХЖ) тиісті кодтармен толықтырылады. Бұл ауруды дәлірек анықтауға және тізбені іс жүзінде қолдану кезінде әртүрлі түсіндіруге жол бермеуге мүмкіндік береді.

Министрліктің түсіндіруінше, түзетулер нақтылау сипатында және қолданыстағы реттеуді жетілдіруге, сондай-ақ аурулар тізбесімен жұмыс істеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған.

Жобаны қабылдау заңнама нормаларын біркелкі қолдануға, жекелеген ауруларды әртүрлі түсіндіруді болдырмауға және оларды анықтау дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 5 қазанға дейін қоғамдық талқылауға жарияланды.

Айта кетейік, қолданыстағы тізбеге 434 ауру енгізілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: