Денсаулық сақтау министрлігі интернатура мамандықтарының бірыңғай тізбесін әзірледі

Студент, студенты, университет, университеты, вуз, вузы, абитуриент, абитуриенты, выпускник, выпускники, поступление, образование, высшее учебное заведение, высшие учебные заведения, институт, институты, обучение, медицинский университет, медицинский вуз, медучилище, медицинский колледж, медколледж, медицинский факультет, медицинское учебное заведение, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2026 09:05 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігі "Интернатураның медициналық мамандықтар тізбесін бекіту туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның түсіндіруінше, құжат медициналық білім беру жүйесін жаңғырту жолындағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ ол болашақ дәрігерлерді даярлаудың практикалық дағдыларды меңгеруге және медициналық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай әрі сабақтас жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңа модель оқытудың кезең-кезеңімен жүргізілуін көздейді. Бакалавриат бағдарламасын аяқтаған түлектер интернатурадан өтіп, тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен нақты клиникалық жағдайда алған білімдерін бекіте алады.

Интернатура мамандықтарының тізбесін бекіту жас дәрігерлерді практикалық даярлауда бірыңғай тәсілдерді қолдануға және медициналық білім беру кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Министрліктің мәліметінше, жобаны іске асыру Қазақстандағы медицина кадрларын даярлау жүйесін үздік халықаралық стандарттарға жақындатуға, болашақ мамандарды оқыту сапасын арттыруға және өз бетінше кәсіби қызмет атқарып, халыққа заманауи медициналық көмек көрсетуге дайын білікті дәрігерлер даярлау үшін қосымша жағдай жасауға септігін тигізеді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында 27 тамызға дейін қоғамдық талқылауға орналастырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: