Сауда министрлігі маңызды тауарлар тізбесін кеңейтпек
Сурет: pixabay
Тізбеге мына тауарларды қосу жоспарланып отыр:
- фанера;
- болат дайындамалары;
- түсті металл дайындамалары;
- мойынтіректердің жекелеген түрлері.
Түзетулер ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ұсынысын іске асыру мақсатында дайындалған.
Жоба 2025 жылғы 29 тамызға дейін қоғамдық талқылауы үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Ішкі нарықта азық-түлік немесе өзге де тауарлардың сыни тапшылығының алдын алу немесе оны азайту үшін орталық мемлекеттік органдар құзыреті шегінде уәкілетті органмен келісе отырып, жекелеген тауарларды әкетуге тыйым салу және сандық шектеулер енгізе алады. Бұл ретте квота немесе тыйым салынатын тауарлар міндетті түрде маңызды тауарлар тізбесіне енгізілуі тиіс.
Бүгінде маңызды тауарлар тізбесіне 152 өнім кіреді. Олардың ішінде ет, балық, сүт, сүзбе, жұмыртқа, картоп, шай, бидай, ұн, май, қант, мұнай және мұнай өнімдері, ағаш, ағаш материалдары, жүн, алтын, металдар, металл сынықтары және басқалары бар.