Қазақстанда маңызды тауарлар тізбесі кеңейтіледі
Сурет: pixabay
ҚР Сауда және интеграция министрлігі елеулі маңызды тауарлар тізбесіне толықтыру әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, тізбеге мына тауарлар қосылады:
- Тас көмір, брикеттер, тас көмірден алынған түйіршіктер және қатты отынның ұқсас түрлері
- Лигнит немесе гагаттан басқа агломерленген немесе агломерленбеген қоңыр көмір
- Мұздатылған кептірілген, тұндырылған және коллоидты күкірттен басқа барлық түрдегі күкірт
Құжат Ашық НҚА сайтында 17 ақпанға дейін жарияланды.
Тізбеге барлығы 147 тауар позициясы енген, оның ішінде металл қалдықтары, ірі қара мен ұсақ мал, ағаш, мұнай және мұнай өнімдері, қант, өсімдік майы және басқа да бірқатар тауар бар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript