Ең төменгі баға деңгейі бар тауарлар тізбесін кеңейту ұсынылады
Фото: Zakon.kz
Жобаға сәйкес тізімге келесі өнімдер қосылады:
- ірімшік
- сүзбе,
- картоп,
- қырыққабат,
- сәбіз,
- саңырауқұлақтар,
- банан,
- апельсиндер,
- мандариндер,
- алма,
- хурма,
- көкжидек,
- күнбағыс тұқымдары,
- маргарин,
- шұжықтар,
- макарон,
- минералды немесе химиялық тыңайтқыштар,
- еріткіштер мен сұйылтқыштар,
- антифриздер,
- шлак жүн,
- минералды силикат жүн,
- отқа төзімді кірпіш.
Құжат ведомствоаралық комиссиясының сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу хаттамасын орындау мақсатында әзірленді, деп түсіндірді Сауда министрлігі.
Сондай-ақ, аталған тауарларға бағаның ең төменгі деңгейін қолданудың орындылығы олардың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан ішкі нарыққа қарағанда төмендетілген бағамен әкелінуіне байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісілгені хабарланды.
Жоба 14 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында орналастырылған.
Ақмола облысындағы АСП алушылар азық-түлікті азық-түлік талондары арқылы сатып алатынын хабарлаған едік.