Ең төменгі баға белгіленетін тауарлар тізбесі жаңартылады
Фото: Zakon.kz
Қаржы министрлігі ең төменгі баға белгіленетін жекелеген тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба ұлттық валютаның атауын жаңа Конституцияның талаптарына сәйкестендіру мақсатында әзірленген. Осыған байланысты құжат мәтініндегі "тенге" атауы "теңге" деп өзгертіледі.
Сонымен қатар Салық кодексіне сәйкес ең төменгі баға белгіленетін жекелеген тауарлардың кеңейтілген тізбесін бекіту ұсынылып отыр.
Министрліктің мәліметінше, бұл өзгерістер импортталатын тауарлардың нақты құнын айқындауға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден әкелінетін тауарлар бойынша салық төлеуден жалтарудың алдын алуға, сондай-ақ адал импорттаушылар мен отандық өндірушілер үшін тең бәсекелестік жағдай қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Құжат жобасы 6 тамызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript