Түркістан облысында жанармай бағасының өсуіне байланысты митинг болып жатыр - фейк

Сурет: Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Түркістан облысының полицейлері жанармай бағасының өсуіне байланысты митинг болып жатыр деген ақпаратты тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде 12-сінен 13-сәуірге қараған түні "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының бойында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанармай құю станциясының жанында азаматтар жанармай бағасының өсуіне байланысты митингке жиналды деген видео пайда болды.

13 сәуірде сағат 04:30 шамасында Сайрам ауданының полицейлері мәліметтердің жалған екенін анықтады.

"12.04.2023 ж. аталған автожолда көліктер жарысы ұйымдастырылмақшы болғаны, алайда тәртіп сақшылары дер кезінде келіп, оларды таратып жібергені анықталды. Қазіргі уақытта аудандық ПБ қызметкерлері жалған мәліметтерді таратқан тұрғынды анықтау мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Сонымен қатар тәртіп сақшылары жалған ақпарат таратқаны үшін қатаң жауапкершілікке тарту көзделгенін еске салады. Тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды!"Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі