Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды

Сурет: Тараз әкімдігінің баспасөз қызметі
Таразда 5 қабатты үй өртеніп, 100 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

"16 сәуірде сағат 03:55-те Таразда Төле би көшесі, 4-үйде 800 шаршы метр аумақта орналасқан 5 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері 100 адам, оның ішінде 60 баланы баспалдақ арқылы эвакуациялады"Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері мен 13 бірлік техника жұмылдырылды.


Өрт таңғы сағат 05:12-де оқшауланып, 05:42-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.
"Өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Оқиғаға байланысты құрылған комиссия шығындарды заң аясында есептейді".Тараз әкімдігі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі