Алматыда Райымбек даңғылындағы автобус жолағымен өтуге рұқсат етіледі

Сурет: Zakon.kz
19 сәуірден бастап жүргізушілерге Райымбек даңғылы бойынша Саин көшесінен Яссауи көшесіне дейін жұмыс күндері сағат 20:00-ден 06:30-ға дейін жол учаскесінде қоғамдық көлік үшін бөлінген жолақтар бойынша жол жүруге рұқсат етіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық мобилділік басқармасының мәліметінше, демалыс және мереке күндері осы учаскеде барлық автомобиль уақыт шектеуінсіз жол жүре алады.

"Көлік қозғалысына осы жаңалықтың енгізілуі қала ішіндегі автомобиль легін тиімді құру үшін, сонымен қатар "қарбалас шақта" және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесін шешу үшін тестілік режимде енгізіледі", - делінген хабарламада.

Бөлінген жолақтар бойынша көлік құралдарының қозғалысын өзгерту 2023 жылдың соңына дейін күшінде болады. Содан соң салыстырмалы деректер негізінде көлік легін ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Жүргізушілер белгіленген жол белгілерін басшылыққа алып, ҚР Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауға тиіс.

Еске салсақ, бұл шара - пилот жобаның екінші кезеңі. 2022 жылдың наурызында қоғамдық көлікке бөлінген жолақтар бойынша жол қозғалысын ұйымдастырудың қолданыстағы сызбасына өзгеріс енгізілді.


Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды