Павлодар облысындағы интернаттың тәрибиешілері ақыл-есі кем оқушыларды төбелестіріп қызықтаған

Сурет: видео скрині
Павлодар облысындағы арнайы мектеп-интернатының тәрбиешілері ақыл-есінде кемістігі бар оқушыларды төбелестіріп қойып, қызықтап отырған. Бұл ата-ана шағымынан соң әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жергілікті тұрғынның сөзінше, интернат тәрбиешілері тәртіпке бағынбаған оқушыларды ересектеріне ұрғызған. Ол жайында жәбір көрген қыз анасына айтып беріпті. Ал монитор арқылы қыздардың жаға жыртысқан сәтін тамашалағандардың арасында мекеме басшысы да бар көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Бірақ білім басқармасы бұл деректі теріске шығарды, тіпті оқушылардың не үшін төбелескенін де түсіндіре алмады. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.
"Білім басқармасымен қызмет тексерісі жүріп жатыр. Мектеп интернаты мен тәрбиешісі тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен қатар аталмыш оқиға бойынша Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде бұл жағдай тіркелді". Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы Жібек Айтмұханбетова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан