Министр Павлодар облысында адамды өрттен құтқарған мәдениет үйінің қызметкерін марапаттады

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Павлодар облысындағы мәдениет үйінің қызметкері Александр Шинкаренкоға адамды өрттен құтқарғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Александр Шинкаренко мәдениет саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді. 

Өрт шыққанын байқаған уақытта жұмыста болған азамат оқиға орнына жеткен. Баспана иелерінен үйдің ішінде адам қалғанын білген Александр бірден терезені сындырып, түтін басқан бөлмеде жатқан адамды сыртқа алып шығады.

Павлодар облысы тұрғынының ерлігі отандастарының назарынан тыс қалған жоқ. Александрға Мәдениет және спорт министрінің атынан сыйлықтар мен алғыс хат табысталды.

"Александр Шинкаренко сын сағатта батылдық танытып, адамды өрттен құтқару арқылы отандастарына лайықты үлгі көрсетті. Өзге адамның өмірі мен игілігі үшін басын қатерге тігуге дайын осындай азаматтар еліміздің ең басты байлығы. Александрғақиын жағдайда көрсеткен  шұғыл әрекеті мен ерлігі үшін алғыс айтамын. Мәдениет саласында осындай ержүрек азаматтардың жұмыс істейтініне қуаныштымын".Асхат Оралов

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: