Жаңаөзендегі жарылыс кезінде баспанасыз қалғандар үйлі болды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңаөзенде болған төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған барлық отбасыға пәтер сатып алынды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазмұнайгаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңаөзенге жұмыс сапары кезінде "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 2023 жылғы 17 сәуірде көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.

"Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз", - деді ҚМГ басшысы.

Қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі 2 пәтер, үш бөлмелі 5 және бес бөлмелі 2 пәтер сатып алынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Мемлекеттік мекемелердегі кадрлық үдерістер цифрлық форматқа көшіріледі