Петропавлда саяжайлар суға кетті

Петропавлдағы саяжайлар суға кетті. Қазірдің өзінде 700-ге жуық нысан мен бау-бақшаны су басқан. Тұрғындар биыл өнімсіз қалатын болдық деп уайымдап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Орасан шығынға ұшырадық. Қоршаулар шіріп, нысанның іргесі де дым тартып үгіліп жатыр. Ішкі қабырғаларына да зақым келген. Мұның бәрі қырауар ақша тұрады. Жеміс-жидектің бәрін су басты. Жер құрғағанша жаз шығатын болды". Петропавл тұрғыны Олег Самудинов

Көктемгі тасқын саяжайлықтарды әбден тығырыққа тіреген. Кейінгі есеп бойынша 700-ге жуық бау-бақшаны су басқан. Олардың саны әлі де өсуі мүмкін. Тұрғындардың сөзінше, тек аула емес, нысандар да судың ортасында қалған. Олар дым тартқан қабырғалар құлауы мүмкін деп қорқады. Ал бұл жағдайға іргедегі Есіл өзенінің арнасынан асуы себеп болған.

Құтқарушылар бұл маңнан 250- ге жуық адамды көшіріп үлгеріпті. Кей тұрғындардың әрекеті мамандарды алаңдатып отыр. Өйткені олар су астында қалған баспана мен бау-бақшаларын қимай қайта келетін көрінеді.

"Біз саяжайды күзетуге мәжбүрміз. Өйткені қауіп-қатерге қарамай осында келетіндер бар. Арасында жасы егде тартқан кісілер де жүр. Оларды біз мұнда кіргізе алмаймыз. Жұмыс істеудің де ығайы жоқ. Суға батып кету сынды түрі жағдайлар болуы мүмкін ғой. Сондықтан ешкімді кіргізбейміз".СҚО ТЖД қоғаммен байланыс бөлімінің бас маманы Евгений Журавлев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: