Қазақстанда соңғы 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі экспорт көлемі 45%-дан асты

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.10.2026 13:27 Фото: akorda.kz
Қазақстанда өңдеу өнеркәсібінің экспорты соңғы бес жылда 45 пайыздан астам өсті. Ал кейінгі жеті жылда ел экономикасына 155 млрд доллар инвестиция тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басышысының айтуынша, Қазақстанда озық технологияларға негізделген өндірісті дамытуға басымдық беріліп отыр. Өңдеу өнеркәсібінің өсуі ел индустриясын жаңа сапалық деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Теміржол саласында да өндіріс көлемі артқан. Қазір Қазақстанда рельстер мен шпалдардан бастап вагондар мен электровоздарға дейін шығарылады. Автокөлік өндірісі де қарқын алып, жыл сайын конвейерден 150 мыңнан астам жеңіл және жүк көлігі шығады.

Халықаралық ынтымақтастық та экономикалық дамуға үлес қосып отыр. Жыл басынан бері жалпы сомасы 60 млрд доллар болатын 355 коммерциялық келісімге қол қойылған.

Сонымен қатар Қазақстан Еуразиядағы жетекші көлік-логистика хабы ретіндегі орнын нығайтып келеді. Елде әуежайлар, вокзалдар, көпірлер мен теңіз айлақтары салынып, жаңғыртылып жатыр. Шекара маңындағы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары да жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: