Жараланған барыс Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді

Сурет: gov.kz
Сарыбастау ауылының тұрғыны мал жайып жүріп, әлсіреген барысты көрген. Жануар артқы аяғын қозғалта алмай қалған. "Қызыл кітапқа" енген жануар Алматы хайуанаттар бағына берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 сәуір күні Райымбек ауданы ПБ кезекші бөліміне Сарыбастау кентінің тұрғыны мал жайып жүріп, әлсіреген қар барысына кезіккені туралы хабарлама келіп түсті.

Жаралы жануарды 19 сәуірде ауыл тұрғыны тауып алған. 

"Барыс табылған жерге "Охотзоопром" МКҚК, Райымбек аудандық унитарлық кәсіпорнының инспекторлары және Табиғатты қорғау полициясының инспекторы келді. Акт жасалды", - деп хабарлады ҚР Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

20 сәуірде "Қызыл кітапқа" енген жануар Алматы хайуанаттар бағына жеткізілді.

Маңғыстау облысында мектеп оқушысы Қазақстанның "Қызыл кітабына" енген ерекше жануар 5 қызғылт қоқиқаздың өлексесін тауып алды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды