Өскеменде сұлулық салонына блефаропластика жасатуға барған әйел көз жұмды

Сурет: drsaratovtsev.ru
Өскеменде сұлулық салонында ота жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

1962 жылы туған әйел көзге блефаропластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған. Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты жоқ болса да, процедураны жасаған. Кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болды.

Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде ҚР Қылмыстық кодексінің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады. 

Қала прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Баланы балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі